Дүниені өзгертемін деп ойлайтын "жындылар" ақыры оны өзгертеді.
Қалған өміріңізді сода сатумен өткізгіңіз келе ме, әлде әлемді өзгерту мүмкіндігін қалайсыз ба?
Шығармашылық- ол заттарды бір-бірімен байланыстыру. Өнертапқыш адамдардан бірдеңені қалай жасадыңыз деп сұрасаңыз, олар ерекше ештеңе жасамағандықтан өздерін аздап кінәлі сезінеді.
Менің әкем Павел керемет адам болған. Оның білімі жоқ еді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол жағалау күзетінде қызмет етті және генерал Паттонға әскерлерді тасымалдады. Менің ойымша, ол үнемі қиындықтарға тап болды және қызметке төмендетілді.
Анам мектепке бармай тұрып оқуды үйретті. Мен мектепке барғанда тек екі нәрсені ғана жасағым келді: кітап оқып, көбелек қуу. Мектепте мен бұрын-соңды кездеспеген "ережеге бағыну" деген нәрсемен бетпе-бет келдім. Мектептегі қысым менің барлық қызығушылықтарымнан айыра жаздады.
Мектеп мен үшін тым қызықсыз болды, содан түрлі бұзықтықтарға бардым. Сыныпқа жылан жіберіп, бомбалар жарып мұғалімімізді жынды қыатынбыз.
Өмірімдегі маңызды адамдардың бірімен төртінші сыныпта танысқанмын. Миссис Хилл маған математика кітабын беріп, есептерді үйден шешудә тапсырды. Тапсырманы орындасам ол маған бес доллар және үлкен лолипопты уәде етті. Бұған дейін ешкім шеше алмаған тапсырмаларды орындадым. Миссис Хилл менің оқуға деген құштарлығымды тәттілер мен ақшаға сатып алды. Егер менің өмірімде Хилл ханым және тағы бірнеше адамдар болмағанда, мен темір тордың ар жағында отырар едім.
Мен асыранды баламын және асырап алған әке-шешемді қатты жақсы көремін, бірақ бір сәтте менің биологиялық ата-анамның кім екенін білгім келіп, оларды іздей бастадым. Оларды табуға жылдар қажет болды.
Мені өмірге әкелген анамның жағдайы жақсы екеніне көз жеткізіп, түсік жасамағаны үшін алғысымды білдіргім келді.
Мені жаңа отбасыға береде туған әке-шешем бір ғана шарт қойыпты: асырап алған әке-шешем қандай жағдай болса да мені оқытуы керек еді. Ата-анам жұмысшы топтың адамдары, олар менің оқуымды қалай төлейтінін білмеді, бірақ уәде берді. Оларға қиын болса да берген уәдесінде тұрды, алайда мен бір жылдан кейін университетті тастап кеттім.
Мен 12 жасымда сол кезде Пало-Альтода тұратын Билл Хьюлеттке (Hewlett-Packard компаниясының негізін қалаушы) телефон шалдым. Мен оның нөмірін телефон кітапшасынан таптым. Ол телефонды көтерді, мен: «Сәлеметсіз бе! Мен Стив Джобспын. Мен 12 жастамын, осында жиілік өлшегіш құрастырып жатырмын. Маған қосалқы жабдықтары керек» дедім. Ол менімен шамамен 20 минут сөйлесті, содан кейін маған қосалқы бөлшектерді және Hewlett-Packard-да жазғы жұмыс берді. Мен конвейерде тұрып, жиілік өлшегіштерді жинаумен айналыстым. Сол кезеңде мен өзімді көкте жүргендей сезіндім.
Жұмыстағы алғашқы күнім есімде – мен ынта-жігерге толы едім. Маған Крис деген супервайзер тағайындалды. Мен оған электроникамен жұмыс істеу өзіме қатты ұнайтынын айттым. Мен сол жазда көптеген жаңа нәрселерді білдім.
Hewlett-Packard компаниясында мен бірінші жұмыс үстелі компьютері Hewlett-Packard 9100-ді көрдім. Ол чемоданның көлеміндей болатын. Мен оған бір көргеннен ғашық болдым.
Мен бақытты адаммын, себебі мен өзімнің өмірлік жолымды, жақсы көретін ісімді ерте таптым. Воз (Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі - Стив Возняк) екеуміз Apple компаниясын ата-анамның гаражында ойлап таптық. Ол кезде мен 20 жаста едім. Он жыл ішінде Apple гараждан шыққан компаниядан 4000 қызметкері бар екі миллиард долларлық компанияға айналды.
Apple әлемдегі басқаларға қарағанда көбірек ресурстарға ие компания емес. Біз мұқият таңдау арқылы ең лайықты атқа бәс тігу арқылы жетістікке жетеміз. Біз планетадағы ең үлкен стартаппыз.
Воз екеумізге Боб Диланның поэзиясы қатты ұнайтын және біз ол тураулы ойлаумен көп уақытымызды өткізетінбіз. Бұл Калифорния. Бұл жерде сіз Стэнфордтан жаңа LSD ала аласыз. Сүйіктіңізбен жағажайда түнеуге де болады. Калифорнияда жаңа мүмкіндіктерге жол ашық.