Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сирия мен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді.
Marca басылымының хабарлауынша, жұлдызды футболшының жалпы қайырымдылық сомасы 350 000 долларды құрайды.
«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін апаттық заттар тиелген ұшақты, сондай-ақ Түркия мен Сирияның зардап шеккен аудандарындағы гуманитарлық күштерге көмектесу үшін медициналық құралдарды жіберді. Қайырымдылық мөлшері 350 000 долларға бағаланды».
Басылымның айтуынша, Роналду бұған дейін баланың миына ота жасауды 83 мың долларға қаржыландырған, сонымен қатар өзінің туған жері Португалиядағы онкологиялық орталыққа тағы 165 мың доллар берген.
Криштиану Save the Children, UNICEF және World Vision ұйымының елшісі болды және коронавирустық пандемия кезінде Португалия ауруханаларына 1 миллион доллар берді.
Лионель Месси де Сирия мен Түркияға көмектесу үшін қомақты сома жіберді.
Бұған дейін аргентиналық шабуылшы Лионель Месси зардап шеккендерге қолдау көрсеткен болатын.
Дүйсенбі, ақпанның 6-сы күні Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде екі күшті дүмпу болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті.