Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді


Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізеді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Суретте Таиланд аралдары, ашық дереккөзден

«Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің үкіметі 2023 жылдың 25 қыркүйегі мен 2024 жылдың 29 ақпаны аралығында Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізуде. Осылайша қазақстандықтар Тайландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті виза қажет», - делінген бейсенбіде жарияланған хабарламада.

Жарамды жол жүру құжаты – Қазақстан азаматының шекарадан өту кезінде жарамдылық мерзімі алты айдан асатын төлқұжаты.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше