Алматыда «Кел, балалар, оқылық» деректі фильмінің премьерасы өтті.
Жоба аясында балалар арасында кастинг ұйымдастырылып, қатысушыларға режиссура, анимация, көлеңкелі театр өнері мен театрландырылған қойылымдар үйретілді. Жоба нәтижесінде танымал блогер әрі музыкант Жека Фатбеллиге арналған екі деректі фильм мен бейнебаян түсірілді.
Бұл Қуаныш Бейсековтің ауыл балаларын оқыту мақсатында Жусан банкпен бірлескен білім беру жобасы аясында түсірген екінші фильмі. Осы жазда ұжым Жалаңаш ауылындағы балалар туралы фильм шығарды, олар үшін де режиссурадан бір апта бойы шеберлік сабағын өткізді, одан кейін балалардың өздері танымал әнші Еңліктің бейнеклипіне түсті. Жаңа фильмде ұжым Тараз қаласының мектеп оқушыларымен араласады.
"Біздің басты мақсатымыз – ауылдар мен аймақтардан келген балаларды қабілеттерінің шекарасын кеңейтуге шабыттандыру. Балаларға кез келген нәрсеге қол жеткізе алатынын көрсету маңызды, өйткені әрбір баланың әлеуеті мен арманы бар, біз оны жүзеге асыруға көмектесе аламыз. Біздің ұжымның көпшілігі шағын қалалар мен ауылдардан. Сондықтан, шын ниетпен, талпыныспен көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын өз мысалымызбен көрсеткіміз келеді. Жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында түсірілім тобыммен облыстарды, ауылдарды дәл аралап жүрмін», - деді режиссер Бейсеков.
Әсерлі фильм көрсетілімге жиналғандардың қызу реакциясын тудырды. Картинаның басты кейіпкерлері жобаға әртүрлі армандармен келген оқушылар болды: қыздар актриса, биші және акробат болғысы келді, ұлдар ата-анасының және басқалардың күмәнін жеңгісі келді, олардың көпшілігінде асыл мақсаттар болды. Балалар басқаларға көмектесу үшін ақша тапқысы келетінін немесе панасыз қалған қарттарға баспана ашқысы келетінін айтты. Оқушылардың айтуынша, бұл жобаның арқасында олар өздеріне деген сенімділік пен шынайы достарға ие болды.
Айта кетерлігі, «ИНЕ» деп аталатын көлеңкелі театрдың өзі қазақтың өмірі мен тарихын зерттеп, қазақ мифологиясы мен көне аңыздардың сырын ашады. Сонымен қатар, жобадағы музыканың барлығы композитор Дидар Есханның жетекшілігімен жазылған және тек ұлттық аспаптарда орындалған авторлық шығармалар қолданылған.
"Мұндай жобаларды жан-жақты қолдау және ілгерілету керек. Біз мұны түсінеміз және ол бұдан да көп нәрсеге айналады деп үміттенеміз. Қазір бірнеше жобаның нәтижелері бойынша көптеген оң нәтижелер бар. Балалар мамандық бойынша өз жолын тауып, кәсіби мамандардан қолдау алып, өздеріне сенді.Тек балаларды ынталандыру, олардың эмоциялары мен көздері нұрлы болу үшін мұндай жобаларды жүзеге асырған жөн», - деп қорытындылады Jusan Bank өкілі Дана Дүйсекова.