Тейлор Свифт жанкүйерлері концерт кезінде "жер сілкінісін" тудырды


Америкалық әнші Тейлор Свифттің жанкүйерлері Шотландияның Эдинбург қаласындағы концерті кезінде шағын жер сілкінісін тудырды. Бұл туралы Ұлыбританияның геологиялық қызметі хабарлады.

Фото: instagram.com/taylorswift

Сейсмикалық белсенділікке әншінің жанкүйерлерінің музыка ырғағымен билегені себеп болған. «Жер сілкінісі» дірілінің оқиға болған жерден алты шақырымға дейінгі қашықтыққа тарағаны атап өтілді.

Ғылыми деректерге сәйкес, ең күшті жер асты дүмпулері "Ready For It?", "Cruel Summer" және "Champagne Issues" әндерін орындау кезінде тіркелген.

Бұған дейін америкалық саясаттанушы Малек Дудаков Тейлор Свифттің америкалықтар мен АҚШ-тың саяси өміріне ықпалын бағалаған болатын. Оның пікірінше, орындаушы Америкадағы сайлау процесіне айтарлықтай әсер ете алмайды, бірақ АҚШ тұрғындарының санасына әсер етеді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше