Аудитория 950 миллионға дейін өсті.
Telegram мессенджерін пайдаланушылар саны 50 миллионға артып, ай сайынғы белсенді пайдаланушылар саны 950 миллионға жетті.
Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің Telegram-каналында хабарлады.
«Telegram көктемде 900 миллион болса, ай сайынғы белсенді пайдаланушылардың саны 950 миллионға жетті. Біз бір миллиард межеге қарай жылжып жатырмыз», - деп жазды Дуров.
Бұл сандар Telegram танымалдығының жылдам өсуін және оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер нарығындағы позициясының нығаюын көрсетеді.