Зульмира Феррейра Криштиану Роналду мен оның жары Джорджина Родригеске деген Португалия халқының көзқарасын айтты.
Португалиялық SIC Caras телеарнасының эфирінде жүргізуші жұлдызды футболшының мансабындағы қиын кезеңнен өтіп жатқанын атап өтті.
"Криштиану ең алдымен өзінің мансабына ең жақсы ойыншы болғысы келетінімен назар аударады. Соңғы уақытта Манчестерден кеткеннен кейін бәрі жақсы болмағанын көріп тұрсыз. Бұл Криштиану үшін қорқынышты және бұл, әрине, оның отбасылық қарым-қатынасына әсер етеді ", - деді ол.
Феррейраның айтуынша Джорджина Португалияда Роналду салып жатқан үйге жергілікті тұрғындар мен баспасөздің қалай қарайтынына байланысты келгісі келмейді.
"Менің ойымша, Джио (Джорджина Родригес) мұнда (Португалияға) келгісі келмейді, мен де келмес едім. Мен португалдарды жақсы көремін, мен шынымен де жақсы көремін, бірақ мұнда Криштиану мен Джорджинаға өте нашар қарайды. Олар не бүлдірді? Соңғы кездері Партугалия халқы осы елге көп еңбегі сіңіп, оны бүкіл әлемге танытқан адамға өте қатыгездік жасады », - деп қосты тележүргізуші.
Бұл Феррейраның Роналду мен Родригесті бірінші рет қоғауы емес. Бір ай бұрын баспасөз Джорджина мен Криштианудың ажырасуы туралы жазғанда, ол жұпты ашық қолдаған.
Бұған дейін португалиялық және испандық БАҚ Роналду мен Родригес арасындағы қарым-қатынастың дағдарысы туралы хабарлап, футболшы серіктесінің ерсі қылықтары мен менмендігінен шаршаған деп баса жазып еді.
Бұл қауесеттерге алдымен Джорджина жауап берді.
"Қарсыластар өсек ойлап табады, өсекшілер таратады, ал ақымақтар сенеді», - деп жазды футболшының жары Instagram парақшасында.
Содан кейін ажырасу туралы хабарламаларға Роналду өзі жауап берді.
Роналду Родригеспен 2017 жылдан бері қарым-қатынаста. Ерлі-зайыптылар бес бала тәрбиелеп отыр.