Ақордада президенттің 7 маусымға арналған жұмыс кестесі туралы айтылды.
Сәрсенбі, 7 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Карат әмірімен, сондай-ақ екі халықаралық ұйымның басшыларымен кездеседі.
Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездеседі. Ол елордаға Астана халықаралық форумына қатысу үшін келді. Тараптар екіжақты әріптестікті дамыту перспективаларын талқылайды.
Тоқаев сонымен қатар ЮНЕСКО-ның бас директоры Одри Азулеймен кездеседі. Әңгімелесушілер білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырады. 2022 жылы Қазақстанның ЮНЕСКО-ға қабылданғанына 30 жыл толады.
7 маусымда мемлекет басшысы Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани бастаған делегациямен кездеседі. Екі ел басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейту перспективаларын талқылайды.