Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың біріне барады


Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

Фото: akorda.kz

"4 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың біріне жұмыс сапарымен барады. Алдағы сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек беріледі", - деп жазды ол 2 сәуірде Facebook парақшасында.

Сәуірдің 2-сі күні «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлібаева бүгін Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында су деңгейінің көтерілуі байқалатынын айтты. Батыс Қазақстан облысында трансшекаралық өзендер бойында су деңгейі көтеріледі деп күтілуде.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су басу аймағында бес облыс қалды, әкімдіктер 20 жергілікті төтенше жағдай жариялады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше