12 мамырда Қытайдың CCTV телеарнасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын көрсетеді.
Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында «Liders Talk» бағдарламасының біздің еліміз мен Қытай арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, қазақ халқының тарихы мен бүгінгі күні туралы сұрақтарына жауап береді.
"Бұған дейін бағдарламаға 20-дан астам мемлекет басшылары мен әлемдік ұйымдардың жетекшілері эксклюзивті сұхбат берген», - деп атап өтті Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
2019 жылдың қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV арнасына сұхбат берді. Бұдан кейін Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамытудың келешегі туралы өз пайымымен бөлісті. Екіжақты күн тәртібінен бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың заманауи халықаралық қатынастардағы рөліне берген бағасы қатты қызықтырды.