Кемелдікке ұмтылу — қалыпты нәрсе, бірақ идеалға жету мүмкін еместігін түсіну — ізгі қасиет.
Маған түрлі мәдениеттен шыққан адамдармен жұмыс істеу ұнайды, өмірге көзқарасы әртүрлі жандармен.
Жас ұлғайған сайын ақымақтарға деген төзімің азаяды.
Маған кейде адамдар мені кәдімгі адам ретінде көруге де тырыспайтындай көрінеді. Ал мен кәдімгі адаммын. Тыртық — пышақтан қалған тыртық. Тыртықтар тағы неден пайда болады дейсің?
Егер сенде мол тәжірибе болса, жас жобаларға үлес қосуға мүмкіндік туады.
Қызықты оқиғалар мейнстримнен тыс жүргендерде туады.
Кешкі ымырт әрдайым таңсәріден ептеп білінбейірек жақындайды.
Шындық мынада: егер ұзақ уақыт жұмыс істесең, әркім туралы айтарың болады. Бірақ кейде үндемей қалған дұрыс.
Интернет тым жиі адамдарды қарабайырландырып жібереді.
Өмір кинодан тек бір ғана нәрсемен ерекшеленеді: өмірде екінші дубль болмайды.
Кейде қателесесің, бірақ қайта оралсаң, өткенің саған бірдеңе үйреткені.
Эксперимент жасап көру және рөлге толық берілу маңызды, мейлі ол блокбастер болсын, мейлі артхаус.
Кез келген өмірді бір парақ қағазға сыйғызуға болады.
Мен ешқашан психотерапевтке барған емеспін, бірақ — Құдай куә — мені соған жібергісі келетін адамдар көп.
Фильмдер — бала секілді. Оларды жасайсың, көрерменге көрсетесің, ұмытып кетесің. Бірақ түптің-түбінде олар бәрібір саған қайта оралады — не бірдеңе сұрайды, не бірдеңе береді.