Жаңа бөлімнің режиссері әрі сценаристі болып «Хижины в лесу» фильмінің режиссері Дрю Годдард тағайындалды.
Атқарушы продюсер франшизаны жасаушылардың бірі Лана Вачовски болады.
«Матрицаның» басты актерлері - Киану Ривз, Кэрри-Энн Мосс, Лоренс Фишберн, Хьюго Уивинг және Джада Пинкетт Смиттің жаңа бөлімде ойнайтыны әзірге белгісіз.
«Дрю бізге «Матрица» әлемінің керемет дамуы деп ойлайтын жаңа идеямен келді. Ол екеуі де 25 жыл бұрын Лана мен Лилли бастаған туындыға құрметпен қарайды және фильмдер мен кейіпкерлерге деген сүйіспеншілігіне негізделген бірегей перспективаны ұсынады», - деді Warner Bros компаниясының өндіріс жөніндегі президенті Джесси Эрман.
Сюжеттің егжей-тегжейлері, әрине, әзірге құпия.