Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді


Пара алғаны үшін Ханчжоу ҚКП комитетінің бұрынғы басшысы өлім жазасына кесілді.

Сурет: AFP

Ханчжоу коммунистік партия комитетінің бұрынғы басшысы Чжоу Цзяньён 25 миллион долларға тең 182 миллион юань пара алды деген айыппен өлім жазасына кесілді. Бұл туралы South China Morning Post жазады.

Тергеу барысында Чжоу Цзяньён жер мәселесін шешіп, құрылыс жобаларын жасау үшін ұйымдар мен жеке тұлғалардан пара алғаны анықталды. Шенеунік сыбайлас жемқорлық әрекетін сонау 2001 жылы аудан әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тұрған кезде бастаған.

Чжоу Цзянъюн

Басылым 56 жастағы бұрынғы партия қызметкерінің өлім жазасы екі жылдық сынақ мерзімімен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы ықтимал деп жазады. Сондай-ақ, өмір бойына саяси құқықтарынан айырылып, мүлкі тәркіленді.

2018 жылы Чжоудың қарамағындағылардың бірі Қытайдың мемлекеттік қадағалау комиссиясының бұрынғы басшысына қарсы куәлік берді. Осыдан кейін партия қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Содан кейін ол қызметінен кетті.

2022 жылдың қыркүйегінде Қытай соты елдің бұрынғы әділет министрі және қоғамдық қауіпсіздік министрлігі басшысының бұрынғы орынбасары Фу Чжэнхуаны пара алғаны үшін өлім жазасына кескен. Ол 117 миллион юаньнан астам (шамамен 16,5 миллион доллар) пара алған.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше