Жасанды интеллект түстер мен пішіндердің «дәмін» көре бастады

Түрлі-түсті бейнелермен миды алдау - маркетологтар азық-түлік қаптамасының дизайнында жиі қолданатын факт.


Жеміс жидектер
Фото: pexels

Енді жасанды интеллект те суретке қарап тағамдардың "дәмін" ажыратуды үйренді. Бұл туралы BBC хабарлады. 

Көптеген зерттеулер адам миы табиғи түрде сенсорлық бейнелерді сезімдермен біріктіретінін көрсетеді. Бұл құбылысты байқамауымыз мүмкін, бірақ біз әртүрлі түстерді, пішіндерді және дыбыстарды әртүрлі дәммен байланыстырамыз.

Стақандағы сусынның түсі немесе фонда ойнап тұрған музыка, мысалы, шараптың қаншалықты тәтті немесе ашты екенін анықтайды. 

Түсті немесе дыбыстың «дәмін сезіну» мүмкін деген идея ақылға қонымсыз болып көрінгенімен, Веласконың соңғы зерттеулері генеративті жасанды интеллект жүйелері де мұны істей алады деп болжайды.

Адамның миы қоршаған әлем туралы сенсорлық тәжірибелерді таңқаларлық түрде жиі араластырады. Бұл құбылыстың эксперименттік дәлелдері алғаш рет 1970 жылдары пайда болды. Зерттеулер қызыл және қызғылт реңктердің тәттілікпен, сары немесе жасыл  түстердің қышқылдықпен, ақ түстің тұздылықпен, ал қоңыр немесе қараның ащылықпен байланысты екенін көрсетеді.

Жасанды интеллекттің жылдам өсуі Веласко, Спенс және олардың Токио университетіндегі әріптесі Косуке Мотокиді адам деректеріне үйретілген генеративті жасанды интеллектерді зерттеуге шабыттандырды. Нәтижесінде олар AI-мен жұмыс істейтін ChatGPT чат-ботынан бұрын адамдарға қойылға сұрақтарға жауап беруді сұрады. Дөңгелек пішіндердің қаншалықты тәтті, қышқыл, тұзды, ащы және умами дәмдерімен байланыстылығына қатысты сұраққа AI 7 баллдық шкаланы қолдану арқылы жауап берген. 

Ағылшын, испан және жапон тілдеріндегі жүздеген чаттардағы нәтижелерін орташалай отырып, зерттеушілер AI шынымен де адам қатысушылар секілді жауап бергенін, AI нұсқалары арасында кейбір айырмашылықтар болғанын көрді.

Зерттеу көрсеткендей, ChatGPT-4o ChatGPT-3.5-ке қарағанда адамзат қауымдастығына барынша ұқсас жауаптар берген. 

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше