Жаңа жылдық отшашудан жарақат алғандар бар


Алматыда жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық заттардың жарылуы салдарынан үш бала мен он ересек адам зардап шекті.

Алматы қалалық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкиннің айтуынша, 9 адам беті мен көздері термиялық және жарылғыш жарақат алған, төртеуі қолынан жарақат алған. Зардап шеккен 12 адам ауруханалардың мамандандырылған бөлімшелеріне жеткізілді.

Мереке күндері алматылық жедел жәрдем бригадалары күніне орта есеппен 3000 шақырту жасаған. Оның 30%-ы жіті жұқпалы аурулармен, 10%-ы жазатайым оқиғалармен байланысты.

Еске салайық, Жаңа жыл қарсаңында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері отшашуды абайсыз ұстаудан туындаған өртті сөндірді.

Жаңа жылдық отшашуларды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше