Бұл туралы елдің Экономика, индустрия және сауда министрлігінің сайтында айтылған.
7 сәуірден бастап Жапония Ресейге болат, алюминий және олардан жасалған бұйымдарды, экскаваторларды, бульдозерлерді, дрондарды, авиация және ғарыш өнеркәсібіне арналған компоненттерді, оптикалық талшықтарды, кеме қозғалтқыштарын экспорттауға тыйым салады.
Бұған қоса, билік Ресейді «саудадағы қолайлы ұлт» мәртебесінен айыру мерзімін тағы бір жылға ұзартты.
2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинаға толық ауқымды әскери басып кіруі басталғалы бері Жапония Ресей президенті Владимир Путинге, елдің жоғары лауазымды тұлғалары мен олардың туыстарына, банктері мен бизнесіне санкция салып, Ресейді саудадағы ең қолайлы мемлекет мәртебесінен айырды. Бұл ретте Токио Украинаға әскери және гуманитарлық көмек көрсететінін мәлімдеді.
Ресей Жапонияны «достықта емес елдер» қатарына қосты.
Ресейдің Украинаға әскери басып кіруінің бір жылдығында Жапония премьер-министрі Фумио Кишида санкциялардың кеңейтілетінін мәлімдеді. Әңгіме ресейлік 120 жеке және заңды тұлғаның активтерін бұғаттау туралы болды. Жапония сондай-ақ Ресей өнеркәсібін нығайта алатын тауарларды, мысалы, ұшқышсыз ұшақтарға арналған бөлшектерді экспорттауға тыйым салатынын мәлімдеді. Барлығы 900-ге жуық ресейліктер мен 450-ге жуық ресейлік ұйымдар мен компаниялар Жапонияның өніміне тәуелді.
Кишида сонымен қатар Жапонияның Украинаға соғыстан қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін 5,5 миллиард доллар көлемінде көмек беретінін айтты. Соғыс кезінде Токио Киевке 600 миллион долларлық қаржылық көмек пакетін, сондай-ақ жалпы құны жүздеген миллион долларға жететін айтарлықтай көлемдегі гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етті.