Айғақты заттар үйдегі жасырын бейнекамераға түсіп қалған.
Мәскеу түбіндегі Балашиханың тұрғыны бірнеше ай бойы анасы мен өгей әкесін қауіпті умен уландырған. Ол оны тағамға қосқан. Бұл туралы azattyq-ruhy ақпараттық порталы хабарлады.
Ерлі-зайыптылар өздерін өте нашар сезініп, дәрігерлерге барған. Дәрігерлер олардың денсаулығының неліктен нашарлағанын анықтай алмады. Содан тәртіп сақшылары іске кіріскен.
Пәтерде бейнебақылау камерасы орнатылып, артынша әйелдің ұлының тағамға күшті уды қалай қосқанын түсірген. Ол сонымен қатар үйге денсаулыққа қауіпті заттар қосылған тағамды әкелгені анықталған.
Тергеу кезінде жігіт бәрін мойындады. Ол қаңтардан маусымға дейін анасы мен өгей әкесін уландырғаны белгілі болды. Қылмысқа барған жігіт пәтерді алғысы келген.
Ресейлік тергеушілер оны қамауға алды, жақын арада оған айып тағылатын болады.