Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова журналистердің биылғы жылы зейнетақының көтерілуі мүмкін бе деген сауалына жауап берді.
Атап айтқанда, министр биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда базалық зейнетақы төлемінің сараланған өсімі жүргізілгенін еске салды.
"Сәйкесінше, базалық зейнетақыны азырақ алғандар 21 пайызға өсті. "Орташа" зейнетақы сәл өссе, ал "максималды" - 8,5 пайызға өсті. Сондықтан біз зейнетақыны қарастырдық", - деді Дүйсенова.
Қазақстандықтар жыл соңына дейін зейнетақының екінші рет көтерілуін күту керек пе деген сұраққа министр бұл инфляция деңгейіне байланысты деп жауап берді.
"Бұл инфляцияға байланысты. Қазір Ұлттық банк маусым айында инфляция деңгейі 15 пайыз екенін айтты. Сондықтан инфляция деңгейін қарайтын боламыз", - деді Тамара Дүйсенова.
Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әлеуметтік кодекс күшіне енеді, оған сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін кейбір төлемдердің мөлшері ұлғайтылады.