Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды тұғырнаманы іске асыру аясында 2029 жылға дейін 7-20-25 бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруды тапсырды.
Ұлттық банк «7-20-25» жеңілдікті ипотекалық бағдарламасының мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыруда.
Қазір қаржылық реттеуші ипотекалық қаржыландыруды және бағдарламаның басқа да параметрлерін бағалауда.
Ұлттық банк мұндай шараларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасын орындау шеңберінде реттеушіге «7-20-25» бағдарламасын іске асыру мерзімін 2029 жылға дейін ұзарту міндетін қойған тапсырмасына сәйкес қабылдап отыр.
«Негізгі шарттарды сақтай отырып: мөлшерлеме – жылдық 7%, бастапқы жарна – 20%, несие мерзімі – 25 жыл, Ұлттық банк белгілі бір параметрлерді, оның ішінде бағдарламаны қаржыландыру мәселелеріне қатысты параметрлерді нақтылауда. Үкіметпен талқылау аяқталды, қабылданған барлық шешімдер жарияланады», - деп түсіндірді Ұлттық банкте.
Бағдарламаны қаржыландырудың бастапқы көлемі 1 триллион теңгені құрады. Бұл қаражат толық игерілмеді, еркін лимит 188 млрд. Даму қарқынын ескерсек, ол 2023 жылы таусылуы мүмкін.