Менің басты идеологым — әкем геолог.
Балалық шақта тауға әр демалыста бару керек болатын. Ол кезде менің бүкіл ортам — өздерін солай атайтын «хемингуэйшіл» жігіттер еді. Олар үшін бедел — қиындықтан қорықпай, кез келген кедергіні еңсеруге дайын адам: мейлі 20 шақырымдық жүгіру болсын, тауға шығу немесе көлді жүзіп өту болсын. Физикалық күш пен денсаулыққа табыну болды. Тіпті алматылық альпинистер арасында «Амангельды — 200 рет» деген мем бар. Ал өзіме келсек, мен Көкжайлауға кем дегенде 200 рет шыққанмын!
Бірде әкем маған аяқ-қолым мықты деді. Маған жүгіруді ұсынды. Содан кейін мен жеңіл атлетикамен айналыса бастадым.
Тау гиді атануым кездейсоқ болды, ондайды тіпті ойламаған едім. Жастық шағымда Толкиенді сүйіп оқыдым, досымның арқасында альпинизмге келдім. Тауға көп шықтым, үзілістер де болды. Мүмкін, бірдеңені жіберген шығармын, бірақ ештеңеге өкінбеймін — бәрі тамаша қалыптасты!
Альпинизм жаттықтырушысы Алексей Распопов бізге айтатын: «Жігіттер, алдымен үлкен әріппен Адам болыңдар, содан кейін барып дұрыс альпинист боласыңдар».
Егер бойыңда тәрбие, мейірім мен сүйіспеншілік болса, кез келген жағдайда адам болып қаласың: тауда да, офисте де, шахтада да, тіпті ғарышта да.
Менің қызым бар. Ажырасқанымызға қарамастан, әйеліммен тамаша қарым-қатынасты сақтап қалдық, қызымызды бірге тәрбиелеп, оны жақсы да еркін адам етіп өсіруге тырысамыз.
Кез келген істі уақыт өте қайта қарап отыру керек, оны жаңа жағдайларға бейімдеп: басымдықтарды өзгерту, бірдеңені хоббиге айналдыру, ал бірдеңені — негізгі табыс көзі ету.
Құтқарған адамның жеңіл қол алысуы — адам өмірін сақтап қалғанда алуға болатын ең қымбат нәрсе.
Бейтаныс адаммен тауға баруға ешқашан тәуекел етпес едім. Бірақ бұл — менің жұмысым, әрі мен оны істеуге тиіспін.
Мінезім біраз қиыр мінезді. Бір кездері біреуді әділетсіз ренжіткеніме өкінемін.
Саяхатқа деген құштарлық я бойыңда бар, я мүлде жоқ. Қазір біз табиғаттан барған сайын алыстап барамыз, айтқандай, «пластмасс әлем жеңді».
Мен аспаздық училищені бітіріп, асханада жұмыс істедім, бірақ тауда ас әзірлегенді мүлдем ұнатпаймын. Ал таудан тыс жерде тамақ дайындауды жақсы көремін! Бұл бізде отбасылық дәстүр: отбасымыздағы кез келген ер-азамат бала кезінен9b— өзбек палауының шебері.
Бөліспеген білім мен тәжірибе — өлі, пайдасыз жүк.
Тау — өзіңмен де, табиғатпен де сайыс. Егер мен қалыпты қалалық өмір сүрсем, мұны білмес едім.
Өктемдік пен көрсеқызарлықты ұнатпаймын. Адамдағы, меніңше, ең жиіркенішті екі қасиет.
Ар — басты бағдар. Нағыз күш пен асылдық шағын игі істерден көрінеді деп сенемін. Орын беру, немқұрайлы қалмау, адал еңбек етіп, шындықпен өмір сүру9b— шын мәнінде маңыздысы осы.
Эмпатия, шешім қабылдаудағы қаталдық, жасап жүрген ісіңе құштарлық — тау гиді үшін басты үш қасиет.
Неге тауда қайғылы жағдайлар болады? Адамдар тауға дұрыс бармайды.9bҚазір жастардың тауға қызығушылығы жоғары. Көп жастар.9bБұл өсім9b— заңды үдеріс. Алайда, адам көп9b— оқиға да көп. Біреуге қалай дұрыс істеу керегін айтпаған, ал біреу естісе де, қолданбаған. Себептері сан алуан. Бұрын үйренуге болатын секциялар, турклубтар көбірек еді. Қазір де бар, бірақ әрине, аздау.
Қалай таудағы оқиғалардың алдын алуға болады? Дайындыққа көп көңіл бөліңіз, міндетті түрде жақындарыңызды жоспарланған маршрут туралы хабардар етіңіз, маршрутты зерттеңіз, тауға жалғыз бармаңыз, ауа райын қалада емес, тауда қараңыз! Қатты шаршағаныңызды сезсеңіз, өзіңізді күштемей кері бұрылыңыз. Ауа райының өзгеруін қаперде ұстаңыз.
Жаңалар тауда ең жиі қандай қателік жібереді? Мен былай дер едім: қателіктер бәрінде бірдей. Біреу тауға кедамен барады, біреу суын ұмытады, біреу соқпақты жоғалтып, қараңғылықта кері қайтады. Мұнда енді жолың қалай болады: я тәжірибе жинайсың, я құтқару статистикасына ілігесің. Маңыздысы — үйрену және қорытынды жасау, өкінішке қарай, қайғылы жағдайлар статистикасы оқиғалардың азаймайтынын көрсетеді.
Тауға міндетті түрде барыңыздар! Бірақ үйреніңіздер!9bСекциялар мен клубтарға жазылыңыздар, дәрістерге барыңыздар.9bҚазір Shymbulak Outdoor көптеген тегін дәрістер өткізеді, онда өте пайдалы әрі жинақы материал айтылады, тіркеліңіздер, келіңіздер, барлық анонстар парақшасында бар. Біз түрлі тақырып көтереміз: тауға қалай бастау керек, мұны қалай дұрыс жасау керек, қателіктер туралы да айтамыз. Бәрі мүлде тегін!
Ең керемет жорық9b—9bқауіпсіз жорық. Сіздердің әрқайсыңыз үйде аман қажетсіздер, үйде сіздерді жақындарыңыз күтеді.