Жыл сайынғы Brand Finance Global 500 зерттеуіне сәйкес, әлемдегі ең қымбат бренд Apple болып табылады. Оның құны бір жыл ішінде 11 пайызға өсіп, 574,5 миллиард долларға жетті.
Екінші орында Microsoft 461,1 миллиард доллармен (35%-ға өсті). Үшінші орында 413 миллиард доллармен Google (24%-ға өсті).
Ең қымбат 10 бренд келесідей:
10. Қытайдың мемлекеттік желілік корпорациясы – 85,6 млрд доллар,
9. Nvidia – $87,9 млрд,
8. Facebook – 91,5 миллиард доллар
7. TikTok – $105,8 млрд
6. Samsung – $110,6 млрд,
5. Walmart – $137,2 млрд
4. Amazon – $356,4 млрд
3. Google – 413 миллиард доллар,
2. Microsoft – $461,1 млрд
1. Apple – $574,5 млрд.
Бір жыл ішінде Nvidia брендінің құны екі есеге жуық өскені атап өтілді. Ал Deutsche Telekom Еуропадағы ең қымбат бренд болып танылды. Ол 85 миллиард долларға бағаланған құнымен 11-ші орынды иеленді.
Елдер бойынша ең қымбат 500 брендтің рейтингінде ең көп компаниялар келесі елдерге тиесілі: АҚШ-тан 193, Қытайдан 69 және Германиядан 27 бренд. Рейтингтегі барлық брендтердің жалпы құны шамамен 9,6 триллион долларды құрайды.