Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына ең жас үміткер сайлаудан шеттетілді


Оған Ілияс Юсупжановтің өзінің авторлық құқығын көрсетпегені себеп болған.

"Зияткерлік меншік объектісін көрсетпегендіктен, менің негізгі декларациямдағы сәйкессіздікке байланысты тіркеуім жойылғанын хабарлады. Мен төрт кітаптың авторымын және бұл жеке мүліктік емес құқықтар декларациялауға жатпайды. Басқалары (кітаптарымды сату, кітап дүкендерінде тарату туралы келісім) бастапқы декларацияда көрсетілген. Жұмысымды таратуды баспа жүзеге асырады. Авторлық құқықтар мүліктік емес құқықтарға қатысты болса, декларациялауға жатпайды. Мен аумақтық сайлау комиссиясына және мемлекеттік кірістер департаментіне осы шешімді қайта қарауды сұрап үндеу жолдадым», - деп жазды Ілияс Юсупжанов.

Сондай-ақ Ілияс Юсупжанов тіркеуі жойылғанға дейін Instagram парақшасында үгіт-насихат жазбаларын жариялағаннан кейін бірден Мемлекеттік кірістер департаментіне шақырылғанын атап өтті.

Бұған дейін белсенді Әсия Төлесова авторлық құқықтың бұзылуына байланысты сайлаудан шеттетілген болатын.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше