Алматыда газбен жүретін 300 автобус іске қосылмақ


Сондай-ақ 100 жаңа троллейбус сатып алынады.

Дамыған қоғамдық көлік – жайлы өмір сүру, көлік кептелісін азайту және ауа сапасын жақсарту көрсеткіштерінің бірі. Бұл туралы мәслихат отырысында Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.

Осыған байланысты қоғамдық көлікті дамытудың басым бағыты автобус паркін экологиялық таза автобустармен жаңарту болып табылады.

«2023 жылы біз газбен жүретін 300 автобус сатып аламыз. Троллейбус паркін жаңарту да жалғасады – 6,4 миллиард теңгеге 100 троллейбус сатып алуды көздеп отырмыз. Осы шаралардың арқасында біз қызмет көрсету сапасын арттырып, қоғамдық көліктердің жүру аралықтарын қысқартамыз», - деп түсіндірді қала әкімі депутаттарға.

Қалалық маршруттарды субсидиялауға 55,9 млрд теңге қарастырылған.

«Бұл 30 бағыт бойынша 400 бірлік көлемінде қосымша жылжымалы құрамды жаңартуға және нығайтуға мүмкіндік береді, бұл қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді баспасөз қызметі.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше