Жаңа жыл қарсаңында отбасыңызбен және достарыңызбен үлкен дастархан басына жиналу дәстүрі көптеген елдерге жат емес. Бүкіл әлемде бұл мерекеде қонақтарға не беріледі және қандай дәстүрлі тағамдар дайындалады?
Қазақстан
Қазақтың ұлттық тағамдары айна іспетті халықтың жан дүниесін, тарихын, салт-дәстүрін бейнелейді. Халқымыздың ең ерекше қасиеті - қонақжайлылығы. Қадірлі қонақтарды айтпағанда, үйге үңілген бейтаныс адамды да жылы шыраймен қарсы алып, құрметті орынға отырғызып, үйдегі бар жақсыны, дәмдіні алдына қоятын қазақ халқының жаңа жылдық дастарханның негізгі тағамы "бесбармақ". Бұл тағамның атауы «бес» және «бармақ» (бес саусақ) деген екі сөзден шыққан. Сөзбе-сөз аудармасы символдық, «бес саусақ» дегенді білдіреді.
Англия
Дәстүрді ұнататын британдықтар жаңа жылдық дастарханға үнемі шошқа майы, нан үгіндісі, ұн, мейіз, жұмыртқа және дәмдеуіштерден тұратын плумпудинг дайындайды. Пудинг ойын-сауық үшін отқа қойылған түрде беріледі. Сондай-ақ, көкөніс пен соуспен толтырылған күркетауықты ұсыну дәстүрге енген.
Франция
Францияда дәстүрлі түрде жаңа жылдық дастарханға қуырылған каштан, устрица, паста қосылған бутербродтар, кесілген түрлі ірімшіктер және, әрине, француз шараптарын ұсынады.
Америка
АҚШ-та дәстүрлі тауық еті ұсынылады, ол ерекше түрде дайындалады. Ет тоңазытқышта тұрған барлық өнімдермен толтырылады - ірімшік, сарымсақ, қара өрік, алма, қырыққабат, бұршақ, саңырауқұлақтар мен дәмдеуіштер.
Австрия, Венгрия
Бұл елдерде жаңа жыл қарсаңында құс етін жеуге болмайды. Бұл ырым «сәттіліктің ұшып кетеді» дегенді білдіреді. Соған қарамастан, австриялықтар мен венгрлердің жаңа жылдық дастарханы өте мол және алуан түрлі. Шницель, струдель, балық салаты, көкнәр тұқымынан жасалған рогаликтер - әлемнің осы бөлігіндегі дәстүрлі тағамдардың бірнешеуі ғана.
Польша
Польшада жаңа жылдық дастарханда 12 тағам болуы керек және олардың барлығында ет болуы міндетті емес. Саңырауқұлақ сорпасы, борщ, қара өрік қосылған арпа ботқасы, сары май қосылған тұшпара, шоколадты торт, денсаулықтың символы саналатын балық жаңа жылдық дастарханның барсты тағамдары екен.
Германия
Немістер қысқы мерекелерді дәстүрлі түрде ұсынылатын майшабақсыз елестете алмайды, бұл алдағы жылға сәттілік пен бақыт әкеледі. Сондай-ақ, жаңа жылдық дастарханда шұжық қосылған бұқтырылған қырыққабат, қайнатылған шошқа еті және неміс шұжықтарының көптеген түрлері кіреді. Алма мен жаңғақтар жақсылық пен жамандықты ажырата білудің, өмірдің қиындықтарын жеңудің символы ретінде десертке беріледі.
Испания, Португалия, Куба
Бұл елдерде жүзім молшылық пен бақыттың символы болып саналады. Сондықтан бұл елдердің тұрғындары түн ортасында он екі жүзім жейді. Әрбір жүзіммен олар бір тілек айтады.
Жапония
Жапондықтардың жаңа жылдық тағамдарында каштан көп, себебі халық каштанды табыс әкеледі деп санайды. Сонымен қатар каштанды ыстық тағамдардан да, десерттерден де табуға болады. Сондай-ақ, мерекелік дастарханда теңіз балдыры, бұршақ, майшабақ уылдырығы, ұзақ өмірдің символы ретінде ұзын кеспе және қайнатылған балық болады.
Чехия және Словакия
Бұл елдердегі жаңа жылдық дастарханның міндетті безендірілуі - алма струделі бар қатпарлы қамыр орамы. Ол балмұздақ, кілегей немесе джеммен бірге беріледі. Жаңа жылдық дастарханға ең қарапайым - сорпалар, балық, інжу арпа ботқасы тағамдары дайындалады.
Италия
Италияда Жаңа жылды көшеде тойлау әдетке айналған, сондықтан жаңа жылдық дастархан бұл елде басты нәрсе емес. Дәстүр бойынша, итальяндықтар ұзақ өмір сүрудің, денсаулық пен гүлденудің символы - жасымық гарнирімен шошқа етінен котекино шұжығын дайындайды.
Әлемде қаншама ел, қаншама дәстүр бар! Бұл топтамада әлем елдерінің жаңа жылдық тағамдарының бір ғана бөлігі туралы айтылды. Барлық елдерге ортақ нірсе - жаңа жылды дәмді тағамдармен, мол дастарханмен қарсы алу.