Бүгін Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қазақстандық шахтасында конвейер лентасы өртенді.
Шахтада конвейер лентасының тұтануына байланысты апатты жою жоспары енгізілді. Мамандандырылған авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері кеншілерді шұғыл эвакуациялауда.
"17 тамыз күні сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" көмір департаментіне қарасты "Казахстанская" шахтасында D6 көмір баурайының (горизонт - 170 м) жұмысында конвейер лентасы жанды. Апатты жою жоспары енгізілді. Шахтада желдету жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі АрселорМиттал Теміртау компаниясына сілтеме жасап.
Апат орнында 15 қызметкер мен 5 бірлік техникадан тұратын мамандандырылған авариялық-құтқару қызметінің үш бөлімшесі, сондай-ақ облыстық ТЖД 8 қызметкері мен 2 техника бірлігі жұмыс істеп жатқаны хабарланды.
"Шахтада барлығы 227 адам болған. Адамдар шахтадан бүйірлік оқпан арқылы жер бетіне шығарылуда. Қазірдің өзінде 182 адам шығарылды", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жүр.