Атырау облысында ежелгі алып акулалардың тістері табылды


Оларды Жылыой өңірінде ұйымдастырылған палеонтологиялық экспедиция мүшелері тапқан.

Дереккөз

Зерттеу жұмыстары Ақкегершін, Ақтолағай, Қойқара, Иманқара және Шолқара бор сілемдерінде жүргізілді. Ғалымдар 500-ден астам үлгіні тапты. Олардың ішінде омыртқалылардың, омыртқасыздардың және тасқа айналған ағаштардың қалдықтары бар. Өлкетану мұражайының директоры Мұхамбетқали Кипиевтің айтуынша, бауырымен жорғалаушылардың қаңқасының жасы кемінде 160 миллион жыл, ал табылған алып акулалардың тістеріне кемінде 50 миллион жыл.

"Табылған жәдігерлер біздің мұражайда сақталады. Алдағы уақытта көрме ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Айтпақшы, сонау 1931 жылы палеонтолог Рябинин біздің ауданнан Қойқара сілемінен мезозой дәуіріндегі жануардың қалдықтарын тапқан. Және Ембі өзенінің құрметіне елші деп атаған",- облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мұханбетқали Қыпиев.