Бұл туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы ресми деректер жариялады.
«Қызылшаның өршуі бойынша 10 үздік ел: 1 – Йемен (25 216 жағдай; 2 – Үндістан (14 927 жағдай); 3 – Қазақстан (12 985 жағдай)», - делінген кестеде.
Антирейтинг көшбасшылары қатарында Эфиопия, Пәкістан, Конго Демократиялық Республикасы, Ресей, Ирак, Индонезия және Нигерия да бар.
Деректер 2023 жылдың мамырынан қазанына дейінгі кезеңді қамтиды.
Еске салайық, 29 қарашада Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылшамен ауыратындар күніне 250-350 адамды құрайтынын және тиімді иммундау жағдайында бұл ең жоғары көрсеткіш екенін хабарлаған болатын.