Тиісті бұйрық «Ашық заңды тұлғалар» порталында жарияланды.
Елімізде 1 шілдеден бастап темекі өнімдерінің бағасы 820 теңгеге дейін көтеріледі. 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы өткен жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросы ақпан айында елдегі инфляция 9,3 пайызды құрағанын хабарлады. «Атамекен» ҰКП шекті бөлшек сауда бағасын 20 темекіге көтеруді ұсынды.
"2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда, фильтрлі, сүзгісіз 20 темекіге, сигариллаға және қыздырылған темекі бұйымдарына бөлшек сауданың ең төменгі бағалары 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге мөлшерінде бекітілсін", делінген құжатта.
Бұйрық 1 шілдеден бастап күшіне енеді.