Қазақстанда әуе тасымалы айтарлықтай қымбаттады


2024 жылдың қаңтарында Қазақстанда әуе билеттері 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 9,2%-ға қымбаттаған.

Фото: ашық дереккөзден

Бағаның ең көп өсуін Атырау облысының тұрғындары сезінді: билет құны 37,5%-ға өскен. Олардан кейін Маңғыстау облысы (плюс 20,4%) және Шымкент (плюс 20,2%). Солтүстік Қазақстан облысында жыл бойы баға өзгерген жоқ. Еліміздің 20 өңірінің 7-інде әуе қатынасы арзандаған. Бағаның ең көп төмендеуі Абай (45,2%), Батыс Қазақстан (24,4%) және Жамбыл (14,1%) облыстарында болды.

2024 жылдың қаңтарында әуе компаниялары соңғы жылдардағы жолаушылар ағынының ең жоғары деңгейіне жетті. Олар 1,2 млн адамды тасымалдады, бұл 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 27,3%-ға көп. Жолаушылар айналымы 18,7%-ға өсіп, 2,3 млрд пкм құрады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше