Бір жасар бала жыланды тістеп өлтірді


Оқиға Үндістанның Бихар штатындағы ауылдың бірінде тамыз айының соңында болған.

Фото

Бір жасар Рианш есімді бала аузына қара жыланды салып алған. Қорыққан анасы бірден бауырымен жорғалаушыны жұлып алып, баланы және жыланды ауруханаға алып келген.

Дәрігерлер Рианшты тексеріп, оның дені сау деген қорытындыға келген, ал жылан баланың тістеуінен өліп қалған. Бауырымен жорғалаушы улы емес болып шықты. Әлеуметтік желілерде бала жыланды "жеп көргісі келгені" туралы пікірлер тараған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, жыл сайын әлемде 5 миллионға жуық адамды жылан шағып, оның 94-125 мыңы жылан уынан өледі, 400 мыңы мүгедек болып қалады.

Жылан шаққан жағдайлардың көпшілігі Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияда, әдетте ресурстары шектеулі ауылдық жерлерде тұратын адамдарда, негізінен ферма қызметкерлері, әйелдер мен балалар арасында кездеседі.