Бишімбаевқа қатысты сот үкімі бүгін шыға ма - қорғаушы айтты


Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен «Гастроцентр» директоры Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасуда.

Дереккөз

2024 жылдың 13 мамырында өткен сот отырысында судья Айжан Құлбаева сотталушыларға қатысты үкім шығару үшін алқабилерге қойылатын сұрақтарды жариялады.

Осыдан кейін Құлбаева сот пен алқабилер алқасы шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенін айтты.

Бишімбаев пен Байжановқа үкім шығару уақыты қосымша хабарланады. Сот отырысында сағат 14:30-ға дейін үзіліс жарияланды.

Қорғаушы Жанна Уразбахова астаналық сот отырысында түсіндіргендей, бүгін үкімнің шығу ықтималдығы 70-30 пайыз.

«Бәрі кеңесу бөлмесінде қанша уақыт болатынына байланысты. Дауыстар саналып болғаннан кейін судьяға үкімді жазуға тура келеді, яғни бұл да біраз уақытты алады», - деп түсіндірді ол.

Еске салайық, 10 мамырда өткен сот отырысында іске қатысушылар алқабилердің қатысуымен сот шешуге тиіс мәселелерді талқылап, тұжырымдаған болатын.

2024 жылдың 2 мамырында сот сот тергеуінің аяқталып, тараптар арасындағы пікірталасқа көшкенін жариялады. Айыптаушы тараптың ұстанымын прокурор Айжан Аймағанова айтты. Артынша Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қазылар алқасына сөз сөйлеп, әділдік сұрады.

Сотта сөйлеген сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше