Қазақстан халқы елорда күніне орай ұзағырақ демалады.
Елорда әкімдігінде хабарланғандай, биыл Астанада қала күні мерекесінде отшашу болмайды. Бұл ретте басқа да мерекелік шараларды өткізу жоспарлануда, олардың басым бөлігі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады.
"Биыл қала күні отшашу болмайды. Дегенмен, қаланың 25 жылдығына дейін 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін"- деді қала әкімдігі.
Сонымен қатар, мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандар да ашылады, соның ішінде Оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық орындар және үлескерлерге пәтер кілттерін табысталады.
Еске салайық, биыл Қазақстан халқы елорда күнінде ұзағырақ демалыс алды. 2023 жылғы 1 шілде 7 шілде, жұмаға ауыстырылды.