Ең қауіпсіз мессенджерлер тізімі аталды


Viber метадеректерді айтарлықтай көп жинайтын болғандықтан ең қауіпсіз месенджерлер тізімінде көш бастайды.

Сурет ашық дереккөзден

"Күнделікті өмірде мессенджерді қолданудың ыңғайлылығы әрбір нақты қосымшаның қауіпсіздік жүйесіне тікелей байланысты,"-деді Цифрлық экономика лигасының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Андрей Слободчиков.

Зерттеулер бойынша ең қауіпсіз, бірақ пайдаланушылардың пікірінше ең қолайлысы - Signal, Threema, Wickr Me. Дегенмен, тіпті ең қауіпсіз мессенджерлерде де ақаулар бар.
Ол мысал ретінде осы жылдың тамыз айындағы жағдайды келтірді: Signal мессенджеріне қызмет көрсететін компанияны бұзу салдарынан екі мыңға жуық нөмір мен растау кодтары сыртқа шықты.

"Егер біз ең танымал жедел хабаршыларды қарастыратын болсақ, онда қауіпсіздік пен ыңғайлылық тұрғысынан Viber және Telegram лайықты деңгейге жетеді",- деді Андрей Слободчиков.

Viber барлық хат алмасулардағы шифрлау арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және деректерді компания серверлеріне тасымалдамай-ақ контактіні қосу мүмкіндігін береді. Telegram өзінің бірегей MTProto протоколын жүзеге асырады, ал шифрлау әдісі тек құпия чаттар үшін қол жетімді.

Ол WhatsApp пен Telegram контактілерге қол жеткізе алатынын және байланыс ақпаратын бөлек серверде сақтайтынын қосты.

Сонымен қатар, Viber метадеректерді ішінара шифрлауды қамтамасыз етеді, ал WhatsApp және Telegram шифрлауды қамтамасыз етпейді. Екінші жағынан, Viber жоғарыда аталған мессенджерлерге қарағанда әлдеқайда көп метадеректер жинайды деп қорытындылады Слободчиков.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше