Бұл «Ғасыр лагері» деп аталатын құпия американдық база болып шықты. Бұл туралы NASA Earth Observatory сайтында хабарланды.
Арнайы ұшақпен мамандар Гренландия мұз қабатын зерттеуге аттанды. Ғалымдар Питуффик ғарыш базасынан 240 шақырым жерде жұмыс істеген. Радар көмегімен олар мұз астындағы туннельдер желісін байқады. Бұл құрылғылар нысанның шамамен 30 метр тереңдікте жасырылғанын есептеуге мүмкіндік берді.
«Алғашында біз оның не екенін білмедік», - деп бөлісті ғалымдар.
Кейінірек табылған тоннельдер желісі «Ғасыр лагерінің» қалдықтары екені белгілі болды. Бұл база 1950 жылдардың аяғында ядролық зымыран ұшыру алаңдарының желісін құру үшін басталған «Мұз құрты» құпия жобасының бөлігі болды.
Әскери ғылыми-зерттеу базасы жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын 21 жерасты тоннельінен тұрды. Бұл учаске әскери заставалардың құрылысын көрсету ретінде қызмет етті және ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылды. Ядролық реактордан қуат алатын жерасты қаласы тіпті ядролық соққыға да төтеп бере алады деп есептелді.
Ice Worm жобасы 1967 жылы жабылды. Бұған мұз қабатының тұрақсыздығы себеп болды. Қалада тұру қауіпті болған. «Ғасыр лагерінің» жер асты инфрақұрылымы мен ғимараттары қараусыз қалды. Солай олар мұздықтың астына көмілген. Мұз жамылғысының еруі мен жұқаруы лагерь мен оның қалған биологиялық, химиялық және радиоактивті қалдықтарының қайта көтерілуіне әкелуі мүмкін.