GTA VI туралы мәтін, оны ерлердің оқуы екіталай
Онжылдықтың басты ойын премьерасына алғашқы көзқарас
13 жылдық күту, Vice City, екі басты кейіпкер, алып ашық әлем және экран алдында миллиондаған көрермен. Grand Theft Auto VI ақыры ойыншыларға жетті. Жаңа бөлім туралы белгілі жайттардың бәрін жинадық: алғашқы рекордтар мен картаның ауқымынан бастап сюжет, музыка, ойын әлемінің бөлшектері және Rockstar жанкүйерлерді немен таңғалтпақ — соның бәрі осында.
Біз бұл мәтінді ерлердің оқуы екіталай деп болжаймыз, өйткені олар түні бойы қабырға сырлап шықты. Бірақ бұл тақырыпты да елемей өте алмаймыз.
Алғашқы рекордтар
- Релиздің алғашқы сағаттарында YouTube, Twitch және Kick-платформаларында бір мезетте 7,88 млн-нан астам көрермен.
- Twitch-та 3,3 млн-нан астам көрермен.
- Sensor Tower бағалауы бойынша, 17 млн-нан аса алдын ала тапсырыс.26nbsp;
Салыстыру үшін: GTA V алғашқы 24 сағатта 11,21 млн данамен сатылып, $815,7 млн табыс тапқан.
Не жаңалық?
Оқиға өтетін орын: Флоридадан шабыттанған ойдан шығарылған Леонида штаты. Орталықта — Vice City.
Ауқымы: зәулім ғимараттар, жағажайлар, батпақтар, аралдар, шағын қалалар мен қала сырты жолдары. Rockstar серия тарихындағы ең егжей-тегжейлі әлемге уәде береді.
Басты кейіпкерлер:
- Люсия Каминос — жуырда ғана түрмеден босады.
- Джейсон Дюваль — қылмыстық әлеммен байланысы бар.
Екеуі бірге ауқымды астыртын қастандыққа тартылады. Алғаш рет орталық оқиға қылмыстық жұп төңірегінде өрбиді.
Ойын әлемі:
- кездейсоқ оқиғалар мен танысу сәттері;
- қызы-қуатты көшелер мен жағажайлар;
- тонаулар, атыстар мен қуғындар;
- оқиғаның өрбуіне әсер ететін кейіпкерлердің өзара әрекеті.
Музыка
Музыкалық жобаға қатысқандардың қатарында — Justice, Tame Impala, SZA, King Gizzard 26amp; The Lizard Wizard және Gesaffelstein.
- Альбомда 34 түпнұсқа композиция;
- 30 тректен тұратын бөлек саундтрек;
- ойын барысына қарай өзгеретін адаптивті музыка.
Ойын индустриясынан тыс релиз
- Майамиде Vice City стиліндегі жарнамалық кампаниялар пайда болды.
- Miami Heat баскетбол командасы ойынның түстеріне сай форма дайындады.
- Кейбір стримерлер америкалық релизден бұрын ойынды ертерек бастау үшін Жаңа Зеландияға аттанды.
- БАҚ хабарлауынша, ойын файлының көлемі шамамен 212 ГБ.
Интернет күтуге шыдамады
GTA VI — тарихтағы ең көп күтілген ойындардың бірі аталады. 13 жыл күтудің ішінде оның айналасында релизді асыға күткен меме-мәдениет пайда болды.
Әлеуметтік желілерде қолданушылар алғашқы әсерлерімен бөлісіп, графиканы шынайылықпен салыстырады, ойын ішіндегі олжаларын жариялап, Vice City үшін бірнеше күнге өмірден «жоғалып кетуге» дайын екендерін әзілдеп жазады.