Ол мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірді деген айыппен қамауға алынған.
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев тағы бір ай қамауда қалатыны мәлім болды.
"Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартты",- деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, экс-әділет министрін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұстаған болатын.
Ведомствоның мәліметінше, Марат Бекетаев айқын қажетсіз қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы шарттар жасасып, сол арқылы мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтіріп, аффилиирленген компанияның мүддесіне лобби жасаған.
Бас прокуратураның мәліметінше, экс-министр елден қашпақ болған кезде ұсталған.