Жақында Associated Press-ке берген сұхбатында Кристофер Нолан бұл салада франчайзингтер мен түпнұсқа жобалар арасындағы теңгерім сақталуы керек деді.
«Голливудта фильмдерді көрерменмен қамтамасыз ететін белгіленген франчайзингтер мен аудиторияға көбірек нәрсе беретін жобалар арасында әрқашан тепе-теңдік болуы керек. Бұл әрқашан Голливуд экономикасының маңызды бөлігі болады. Франчайзинг басқа фильмдердің шығаруы үшін қаржы алып келеді»,- деді режиссер.
Сонымен қатар, көрерменнің экраннан жаңа нәрсені көруге деген құлшынысын құрметтеу керектігін атап өтті.
«Бұл кинотеатрға бару кезіндегі ең маңызды сезімдердің бірі – бұрын естімеген трейлерді көру, Экраннан бұрын соңды көрмеген фильмді, жаңа әрі тың нәрсені көру. Голливудтағы салауатты экожүйе – бұл екі нәрсенің тепе-теңдігі және әрқашан солай болады», - деп ойлайды Нолан.