Дэдпул мен Росомаханың экрандағы алғашқы кездесуі 24 шілдеде өтеді.
Жаңа фильмде әлемге қауіп төндіретін проблемамен күресу үшін Дэдпул (Райн Рейнольдс) саяхатқа шығады, онда ол суперқаһарман фильмдеріндегі әртүрлі кейіпкерлерді кездестіреді және соңында Росомахамен (Хью Джекман) бірлеседі. Мәселе мынада, тырнақты кейіпкер жалдамалы киллермен серіктестікке мүлдем риза емес. Дегенмен, Дедпул мен Росомаха өзара келіспеушіліктерді тастап, бұрын байқалмаған қауіпті тоқтату үшін бірге жұмыс істеуді үйренуі керек.
Сондай-ақ «Дэдпул және Росомаха» фильмінде Морена Баккарин, Дженнифер Гарнер, Брайанна Хилдебранд, Мэттью Макфадьен, Патрик Стюарт және Лесли Уггамс ойнайды. Режиссер креслосында Шон Леви отыр.