Осы уақытқа дейін Килиан Реал Мадрид сапында барлық жарыстарда 29 гол соққан. Stats Foot мәліметі бойынша, Мбаппе топ 4 лигадағы клуб сапындағы дебюттік маусымында 29+ гол соққан тарихтағы алғашқы француз ойыншысы болды. Бұған дейінгі рекорд бұрынғы шабуылшы Мишель Платиниге тиесілі - 1982/1983 маусымында «Ювентус» үшін 28 гол соққан.
Мбаппе жазғы трансферлік терезеде «Реалға» қосылып, «Реалмен» 2029 жылға дейін келісімшартқа отырды. Ойыншының клубпен қазіргі еңбек келісімі 2029 жылдың жазына дейін жасалған. Transfermarkt порталында берілген ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтағы құны 160 миллион еуроны құрайды.