«Пари Сен-Жермен» командасының шабуылшысы Лионель Месси келесі маусымда Сауд Арабиясында жергілікті чемпионатта өнер көрсетуі мүмкін.
Дереккөздің хабарлауынша, танымал фудболшы аргентиналық «Әл-Хилалға» ауысады. Олар Мессиге келісім-шарт ұсынып үлгерді. Форвард ойыншысының жалақысы жылына 300 миллион еуродан сәл асуы мүмкін.
Сауд Арабиясы билігі Месси Франция чемпионаты аяқталғаннан кейінгі алғашқы күндері клубпен келісімшартқа отырады деп есептейді. Елде Месси мен «Ән-Наср» сапында ойнайтын Криштиану Роналду арасындағы текетіресті жандандыру идеясы болған, енді бұл идеяның шындыққа жақын екені атап өтілді.
Месси ПСЖ сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Футболшының париждіктермен келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады. Шабуылшы осы маусымда барлық турнирлерде 39 ойынға қатысып, 20 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.
Бұған дейін аргентиналық футболшы бүкіл мансабында «Барселона» сапында ойнады, онда ол Испания чемпионатын он рет жеңіп алды және төрт рет Чемпиондар лигасында жеңді.