Кантри маған басқа кез келген музыкалық жанрға қарағанда көбірек әсер етті. Мен Джонни Кэшті өмірімдегі алғашқы блюзді естімей тұрып-ақ тыңдадым.
Менің бейнем бірінші бетке шыққанша, маған он жетінші бетте мен жайлы не айтылатыны бәрібір.
Шабыт сені төрт тараптан қоршап тұрады, ал күнделікті өмірде ол бәрінен де көп.
Мен балаларды жақсы көремін, өйткені балалар сені жасарта түседі.
Маған өз буыным бүгінгіден бір-ақ нәрсемен өзгеше сияқты көрінеді: біз істеген ісімізге сендік.
Алпысыншы жылдардың ортасындағы Нью-Йорк керемет еді, Лос-Анджелес те жаман емес-ті. Бірақ осы екі қаладан тыс жерде толып жатқан таптаурынға толы, сұмдық репрессивті қоғам өмір сүрді. Нәсілдік сегрегация әлі де бар болатын, ал айналадағы адамдар тым ескішіл, тарғылт ойлы еді. Соңғы отыз жылда жағдай түбегейлі өзгерді. Айтпақшы, өзгерістер дүниенің қай түкпірінде де дерлік болды.
Бірнеше жыл бұрын Нью-Йорктегі бір мейрамханада отырдым, қасымдағы үстелде бір отбасы — ата-ана мен ұл отырды. Мейрамхана тыныш, ешкім біреуге назар аудармайтын. Кенет әлгі бала әкесінен: «Кім салмақтыларырақ еді — The Beatles пе, әлде The Rolling Stones па?» деп сұрады. «Білмеймін», — деді әкесі. Ол тіпті «одан сұра» деп, мені меңзеген де жоқ. Түсінесіз бе? Дәл сол сәтте өзімді тарих әлдеқашан сызылып тастаған адамдай сезіндім.
Өткен шақ — жаман емес кез. Оны ұмытудың да, өкініш етудің де қажеті жоқ. Бірақ оның тұтқыны болып қалмау керек.
Адамдар елігеді. Олар сені 1969 жылғы кейпіңде көргісі келеді. Өйткені олар сені солай көрді — өз жастық шақтарында, ал ол қазір оларда жоқ. Ойлансаң, эгоистік, бірақ мен оларды түсінемін.
Өткенге шырмалып қалмау аса маңызды. Сол үшін мен өз әндерімді әдейі ұмытуға тырысамын.
Адамдарға мен жайлы бәрін білетіндей көрінеді. Бұл рас: олар мен баяғыда ұмытып кеткен дүниелерді біледі.
Анам менің айналысатын ісіме ешқашан риза болған емес. Ол менің ақыры өмірімдегі орнымды тауып, бір кірпіш қалаушы секілді адам болуымды қалады.
Мен табиғатымнан рок-жұлдыз емеспін. Жәй ғана шоу-бизнес өкілімін. Рок-н-роллды мен ол кезде бәрін қызықтырғаны үшін ғана таңдадым. Егер мен 1915 жылы туған болсам, джазда барабаншы не мылқау киноның бір жұлдызы болар едім.
Музыкаға тек өзім үйреніп кеткен нанымды табу үшін келдім — дәл сол нанды табу үшін.
Менің тәрбием өте «жаман»: сағат үште шай ішемін.
Есірткіге, алкогольге және есалаңдыққа құлдырап түсу — бұл қалыпты нәрсе, бірақ тек қана қайтып оралудың жолын нық білсең болғаны.
Бәрі де болады. Таңертең ерте оянып, ескі қасығыңа қарап, өз-өзіңе дейсің: «Мик, жаңа қасықтар алатын уақыт келген сияқты». Сөйтіп аласың да.
Мен түгелдей етке арналған альбомды тыңдағым келетініне сенімді емеспін.
Қызық қой — сольо жазба үшін топ жинау.
Рок-н-ролл — есірткі, сондықтан онымен абай болу керек. Музыкамен үнемі айналыса берудің қажеті жоқ. Жастарда да солай: егер секс болмаса, күнің зая өтті деп ойлайсың.
Ойлаймын, көпшілік адамдардікі секілді, менің моральдық құндылықтарым да — едәуір иілгіш дүние.
Би — секстің орашолақ баламасы ғана.
Мен ешкімнің жағына шықпаймын. Бұл дүниеде абсолют ақиқатқа ие бірде-бір күш жоқ.
Мен — консерватормын, бірақ «к» әрпі кішкентайынан. Салық салу мәселесінде консерватор, ал мораль мен сөз бостандығы мәселесінде либерал болуға да болады, сеніңіздер.
Алпысыншы жылдар шын мәнінде қандай болғанын есте түсіру қиын.
Естеліктер — адам көтеретін ең ауыр жүк.
Армандарды қой — ақылың да қояды.
Кім автомобиль жинаса, сол біртіндеп жалықтырма адамға айналады.
Қаһармансып түюлі қабақ болуды жек көремін.