Провинцияда қаралы күн жарияланды.
Зардап шеккендер саны 900 адам. Бұл туралы Indianexpress хабарлайды.
Оқиға орнында рельстен шығып кеткен вагондарда қалған адамдарды шығару бойынша ауқымды құтқару операциясы жүріп жатыр. Порталдың мәліметінше, бұл Үндістандағы соңғы уақыттағы ең көп адам өліміне әкелген теміржол апаттарының бірі.
Темір жол министрі Ашвини Вайшнов оқиғаны жоғары деңгейде тергеуге бұйрық беріп, зардап шеккендерге арнайы төлемдерді жариялады. Одишаның бас министрі Навин Патнаик апатқа байланысты бір күндік мемлекеттік аза тұту жариялады.
Апат жергілікті уақыт бойынша 19:20-да болған. Жолаушылар пойызы Калькуттадан Ченнайға бет алған.