Ұлыбританияның Оксфорд университетінде қазақ тілі курстары ашылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты.
«Бүгін Оксфорд университетінде қазақ тілі курстарын ашу туралы меморандумға қол қойылады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес тарихымыз бен мәдени мұрамызды зерделеу бойынша бірқатар бастамалар қолға алынды», - деді Мұрат Нұртілеу.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, британдық Оксфорд және Манчестер университеттерінің кітапханаларынан, сондай-ақ ұлттық музейден қазақ халқының тарихына қатысты маңызды қолжазбалар мен кітаптар табылған.
«1562 жылы британдық дипломат Энтони Дженкинсонның «Қазақстан» картасы жарық көрді, мұндай бай және нақты деректер болашақта өзінің әділ бағасын тауып, екі елді байланыстыратын іргелі факторға айналатыны сөзсіз», - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстан мен Ұлыбританияның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары арасында келіссөздер өтті.