Қаланың энергиясы: «Соло Лига» баскетбол шоуы

«Соло Лига» – түрлі адамдардың бір кеңістікте бас қосып, ойын қуатын бөлісуі жайлы


Партнёрский материал
solo liga street style
Фото: «Соло Лига»

Алматылықтар үшін осы жаз мезгілі - спорт, стиль және көше мәдениетін сүйетіндердің басты мекеніне айналды. Ашық алаңдардың бірінде FORUM Hoops жобасының түсірілімі өтті. Қазақстандағы баскетболдың жаңа тынысы атанған «Соло Лига» EFES Kazakhstan-ның, соның ішінде EFES 0.0 алкогольсіз брендінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл – еліміздегі алғашқы 1х1 форматындағы баскетбол шоуы. Мұнда спорт тек алаңымен шектелмей, мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналады.

Форматы: спорт - шоу

Қаланың энергиясы: «Соло Лига» баскетбол шоуы

Классикалық чемпионаттар -  ұзақ уақытқа созылған матч мен командалық тактикаға сүйенсе, «Соло Лига» өз ережелерін ұсынады: жекпе-жекке шығатын жылдам дуэль, техника мен мінезге құрылған тартысты ойын, ритмді ұстай білу. Әр матч – драмаға, тосын сәттерге және эмоцияға толы шағын оқиға.

Қаланың энергиясы: «Соло Лига» баскетбол шоуы

Жобаның ерекшелігі – бір алаңда кәсіби ойыншылар мен әуесқой жандар және блогерлер мен спортшылардың бас қосуы. Қатысушылар географиясы да ауқымды. Оның ішінде: Алматы, Қызылорда, Атырау қалалары қамтылған. Ойынның жоғары деңгейде өткенінің дәлелі – көрерменнің кәсіби ойыншылар мен әуесқой жандарды ажырата алмауы. Тіпті қонақтар  кім доптың артынан өмір бойы жүгіріп жүргенін, ал кім бұл спорт түріне жақында ғана қызығушылық таныта бастағанын бөліп жара алмады. 

Ең қызығы – жеңімпазды бірден жария етпей, соңына дейін құпия ұсталуы.  Шоудың YouTube платформасындағы премьерасына дейін интрига сақталып, «Соло Лига» жәй ғана жарыс емес, толыққанды медиа өнімге айналды.

Street-style атмосферасы

Қаланың энергиясы: «Соло Лига» баскетбол шоуы

Шараның ең тәтті сәті - күн батып, кеш батқанда. Алаң нағыз open-air кеңістікке айналды: музыка, жарқыраған прожекторлар, жүздеген көрермен. Бұл жай турнир емес, әркім өзін комьюнити мүшесі ретінде сезінетін перформанс болды.

Қаланың энергиясы: «Соло Лига» баскетбол шоуы

Шоуды стендап-комик әрі комментатор Шыңғыс Ермеков пен баскетболшы, тикток-блогер және жобаның авторы Бақтияр Намазбаев жүргізді. Олардың импровизациясы мен энергиясы матчты әсерлі ойынға айналдырды. Арнайы қонақ - спорт пен digital-ды қатар ұштастырған жаңа толқынның символына айналған баскетболшы әрі медиа тұлға Әмір Кадырбаев болды.

Қаланың энергиясы: «Соло Лига» баскетбол шоуы
Қаланың энергиясы: «Соло Лига» баскетбол шоуы

EFES 0.0 және брендтің баскетбол саласының дамуына қосатын рөлі

EFES Kazakhstan маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Эркан Альп: 

«Соло Лига – жай ғана баскетбол емес. Бұл көше мәдениетінің, еркіндіктің тілі. Мұнда әр ойыншы мен әр көрермен қаланың біртұтас ритмін сезінеді. EFES Kazakhstan үшін шабыт сыйлайтын, біріктіретін және энергия тудыратын жобаларды қолдау маңызды. Біз спорттың қозғалысқа, өмір салтына және жаңа буынның символына айналуына үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз».

Қаланың энергиясы: «Соло Лига» баскетбол шоуы

Қазақстан – әлемдік баскетбол картасында

2024 жылдың көктемінде еліміздің баскетбол федерациясы Anadolu Efes-пен стратегиялық келісімге қол қойды. Қағаз жүзінде бұл – 2024/25 маусымының титулдық демеушілігі, ал іс жүзінде – жас лигаларды қолдау, инфрақұрылымды дамыту және ойын төңірегіндегі жаңа энергия.

Efes Kazakhstan бас директоры Эртан Курт пен федерация президенті Абай Алпамысов атап өткендей, мақсат – баскетболды қалалық мәдениеттің бөлігі ету.

Қаланың энергиясы: «Соло Лига» баскетбол шоуы

Оған қоса, халықаралық назар да артып келеді: FIBA-ның бас хатшысы Андреас Заглис Қазақстанның астанасына арнайы келген еді. Бұл сапар – еліміздің әлемдік баскетбол картасында нық қадам жасауының айғағы.

Баскетболға 100 жыл – жаңа дәуірдің бастауы

Бір жылдан кейін Қазақстан баскетболының 100 жылдығын атап өтеді. Алғашқы ойындар 1926 жылы Петропавлда өткен еді. Ғасыр ішінде бұл спорт шағын топтың әуестігінен ұлттық деңгейге жетті.

«Соло Лига» – тарих пен заманауилықты біріктірген болашаққа батыл қадам. Жоба баскетболды жастарға жақындатып, спортты қала кодына, мәдениет пен өзін-өзі білдіру тіліне айналдырды.

Қаланың энергиясы: «Соло Лига» баскетбол шоуы

Қай кезде спорт тұрақты өмір салтына айналмақ? 

«Соло Лига» – түрлі адамдардың бір кеңістікте бас қосып, ойын қуатын бөлісуі жайлы. Мұнда ешқандай шектеу жоқ: спортшылар да, блогерлер де, көрермен де, журналистер де ортақ ритмді ұстанады. EFES Kazakhstan болса, бұл қозғалысты қолдап, белсенді өмір салтын таңдағандармен бірге қаланың серпінінің бір бөлігі болуды мақсат тұтады.

Қаланың энергиясы: «Соло Лига» баскетбол шоуы
Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше