Орташа дивизионда өзгерістер болды. Бұған дейін үшінші орын алған қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) бірінші орынға көтерілді. Оның артынан британдық Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) және Крис Юбанк кіші (34-3, 25 КО) келеді.
Бұған дейін WBC ұйымның қазіргі орта салмақтағы чемпионы доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) Нұрсұлтановпен жекпе-жекте титулын қорғауды бұйырған болатын.
WBC рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың толық тізімі:
- Аса ауыр салмақта Иван Дычко 31-орында қалды.
- Жартылай ауыр салмақтағы рейтингте Бекзад Нұрдәулетов 34-орыннан 35-орынға түсті.
- Әли Ахмедов 13 позициядан айырылып, 26-орынға табан тіреді. Сол салмақта Бек Нұрмағанбет 17-ші болып қалды.
- Орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов өз дивизионында үшінші орыннан бірінші орынға көтерілді.
- Садриддин Ахмедов бірінші орта санаттағы рейтингте өз орнын бір сатыға жақсартып, 29-шы орынға тұрақтады.
- WBC Peace белбеуінің иегері Данияр Елеусінов жартылай орта салмақ дәрежесінде 25-орыннан 26-орынға жылжыды.
- Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев әзірге 33-орында.
- Сұлтан Зәуірбек екінші жеңіл салмақтағы рейтингте екі сатыға көтеріліп, қазір 28-орынға жайғасты.