Қазақстандық жазушы Аким Тарази өмірден өтті

Қазақстанның танымал жазушысы және драматургі Аким Тарази дүниеден өтті. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.


Аким Тарази
Аким Тарази/фото КазНИУ

Аким Таразидың қайтыс болғанын ақын Бауржан Қарағұзұлы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Классик жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің айбынды ақсақалы Әкім Тарази ағамыз дүниеден өтіпті. Иманы саламат болсын! Роза Мұқанова апайыма, Қазақ еліне қайғырып көңіл айтамын!", – деп жазды Қарағұзұлы.

Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысы жазушы Аким Таразидың туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдаған. Ол марқұмның жары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқановаға және балаларына қайғырып көңіл айтты.

Қазақстандық "Әдеби портал" сайтында көрсетілгендей, Аким Тарази 1933 жылдың 9 қыркүйегінде дүниеге келген. Ол – Қазақстанның жазушысы, драматургі, сценарисі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ол "Қара жұлдызға апарар жол", "Кек", "Москва – Баласаз", "Тасжарған" романдарының, "Күлкісіз комедия", "Жақсы адам" пьесаларының авторы, Мәжит Бегалиннің "Іздер көкжиекке кетеді" атты классикалық фильмінің сценарийін жазған, сондай-ақ Болат Шәмшиевтің "Қараш асуындағы атыс" және Сатыбалды Нарымбетовтің Роза Мұқанованың повесі негізінде түсірілген "Ләйләнің дұғасы" фильмдерінің сценарийін бірге жазған.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше