Қазақстанның әлемдік интернет жылдамдығы рейтингіндегі орны белгілі болды

Speedtest жаһандық индексі 154 ел мен 200-ге жуық қаладағы интернет жылдамдығын бағалайтын 2024 жылдың желтоқсан айындағы нәтижелерін жариялады.


Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Талдау жүктеп алу және жүктеп салу деректерін ескере отырып, орташа мобильді және кең жолақты жылдамдықтар негізінде жүргізілді.

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемде бір позицияға көтеріліп, орташа жылдамдығы 53,76 Мбит/с-ке жеткен 57-ші орынға тұрақтады. Біздің еліміз Жапониядан (53,54 Мбит/с) озып, Испаниядан (55,38 Мбит/с) кейін екі елдің арасында орналасқан.

Кең жолақты қолжетімділік рейтингінде Қазақстан 73,67 Мбит/с нәтижемен 88 орында.

Мобильді интернет жылдамдығы бойынша көшбасшылар БАӘ (453,87 Мбит/с), Катар (383,5 Мбит/с) және Кувейт (257,3 Мбит/с) болды. Ауғанстан 8,2 Мбит/с жылдамдықпен аутсайдер болып қалды.

Желтоқсандағы Speedtest жаһандық индексіне әлемнің кейбір ірі қалаларының интернет жылдамдығының рейтингі де кірді. Осылайша, мобильді интернет жылдамдығы бойынша Алматы қаласы екі позицияға төмендеп, 63-орынға тұрақтады – 93,71 Мбит/с. Гамбург 62-ші орында (94,64 Мбит/с), ал Бангкок 64-ші орында (93,50 Мбит/с).

Көшбасшылар: Абу-Даби (527,65 Мбит/с, БАӘ), Дубай (424,33 Мбит/с, БАӘ) және Ар Райян (416,67 Мбит/с, Катар).

Кең жолақты қолжетімділік рейтингінде Астана 97-ші орында (83,88 Мбит/с), өзінің көрсеткіштерін жеті қатарға жақсартты. 96-шы орында Сидней, Австралия (84,29 Мбит/с), 98-ші орында Манама (82,47 Мбит/с, Бахрейн).

Бұл тізімдегі үздік қалалар Валпараисо (322,91 Мбит/с, Чили), Лион (321,13 Мбит/с, Франция) және Абу-Даби (319,63 Мбит/с, БАӘ) болды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше