Танымал қазақстандық актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова Дубайға көшкеннен кейінгі өмірінің жаңа кезеңімен жанкүйерлерімен бөлісті.
Сәдуақасова күйеуі екеуі Парсы шығанағы жағалауына «біраз уақытқа» көшіп келгенін айтты. Жұп бұл шешімді осы жылдың көктемінде қабылдағаны туралы Instagram-да бөлісті.
«Мағжан екеуміз көктемде, Балиде тұрғанда, күзде біраз уақыт Дубайда тұрамыз деп шештік. Осы сәт келді, мен өте қуаныштымын», - деді Әсел Сәдуақасова.
Ол өз видеоларында үйдегі суықтан жылы етік пен фуфлитка киюге мәжбүр болғанын көрсеткен. Алайда сыртта өте ыстық, дейді актриса.
Осыдан бірнеше күн бұрын танымал қазақстандық актриса әрі продюсер отбасылық өмірінің алғашқы апталарында күйеуі екеуінің басына түскен қайғылы оқиғаның жай-жапсарын ашқан еді.