Дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмады.
Шымкентте үш адам Конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырды. Олардың екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап, үйлеріне шығарылды. Бұл туралы otyrar.kz ютуб арнасы хабарлады.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, тағы бір ер адам, Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, 3 күн жатып, қажетті ем қабылдаған. Дәрігерлердің қанша тырысқанымен ер адам есін жимай көз жұмды.
Қазір тағы бір науқасқа күдік туды, қазір мамандар оның Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына тексеріс жүргізіп жатыр.
Кене шаққанда алғашқы көмекті қалай көрсету керек?
1. Қолыңызды өңдеңіз, резеңке қолғап кисеңіз тіпті жақсы. Егер жұқтырған кене байқаусызда жаншылыпп кетсе, ол саусақтардағы кішкентай жаралар арқылы да жұқтырылуы мүмкін.
2. Кенені кетіруге арналған пинцет немесе арнайы құрал – кене суырғыш (ол дәріханада сатылады) алыңыз, кененің денесін теріге мүмкіндігінше жақын ұстаңыз және құрылғыны тістеген жеріне перпендикуляр етіп қойыңыз.
Кенені аузын жұлып алмауға тырысып, баяу бұрандалы қозғалыстармен бұрап алу маңызды. Егер сіз тістеген жерде әлі де бірдеңе қалып қойғанын көрсеңіз, оны пинцетпен алуға, содан кейін жараны йодпен немесе антисептикпен емдеуге болады.
3. Кенені қақпағы мықтап жабылған ыдысқа салып, зертханалық зерттеуге тапсырыңыз – дәрігерлер оның жұқтырғанын анықтайды және қажет болған жағдайда одан әрі емдеуге нұсқау береді.