Шымкентте мектеп түлегі өз-өзіне қол жұмсады


Қайғылы оқиға 12 мамырда Шымкенттегі үйлердің бірінде болды.

Фото: ашық дереккөзден

11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Шымкент қалалық білім басқармасы оқушының қайтыс болғанын растады.

«2024 жылдың 12 мамырында 11-сынып оқушысы үйіндегі бөлмесінде өз-өзіне қол жұмсады. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, қайтыс болған оқушы ешкіммен жанжалдаспаған, белсенділік танытып, сабақты жақсы оқыған», - делінген хабарламада.

Қайтыс болған оқушы тіркеуде жоқ. Мұндай өлімге әкелетін шешімге не себеп болғаны әлі белгісіз.

Қалалық полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.

Қазақстандағы өз-өзіне қол жұмсау өзекті мәселе болып қала береді және әлемдік антирейтингте жоғары орындарды иеленеді. Республикадағы биылғы жылғы өз-өзіне қол жұмсау фактілері туралы нақтыланған мәліметтер әзірге белгілі болмады. Дегенмен, статистикадан жағдайдың әлі де аянышты күйде екенін түсінуге болады. Сандарға қарасақ, Wisevoter ұйымының 2023 жылғы 20 ақпандағы есебінде Қазақстан 178 елдің ішінде 19-шы орында – 100 мың халыққа шаққанда 17,6.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметі бойынша, 2023 жылы 1539 қазақстандық өз-өзіне қол жұмсаған. Ең көп Қарағанды ​​облысында – 197, Ақмола облысында – 178 және Алматы облысында – 142.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше